Тоқаев «Алматы БалаFest» фестивалінің жеңімпаздарын құттықтады
Тоқаев «Алматы БалаFest» фестивалінің жеңімпаздарын құттықтады
Фото: akorda.kz
338
оқылды
Алматыда жұмыс сапарымен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың «Алматы БалаFest» шығармашылық фестивалінің қорытынды іс-шарасына барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған бұл мерекелік іс-шараның қорытынды кезеңіне 1 000 бала қатысты. Ботаникалық бақта өткен қорытынды іс-шара ART SPACE  аймағы, «Кітаптар қазынасы» кітап көрмесі, ECO LAB  экологиялық аймағы, «Шахмат әлемі» аймағы,  ROBO LAND аймағы және «Жас өрендер» концерт алаңы сияқты алаңқайларға бөлінген.    width= Президент әрбір алаңқайдағы жеңімпаздардың өнерін тамашалап, олардың жетістіктеріне ризашылылығын білдірді. Мемлекет басшысы жасөспірімдермен әңгімелесу барысында оларды мерекемен құттықтап, балалар ел болашағы екенін айтты. Солардың бірі 11-сынып оқушысы Михаил Шут «Кітаптар қазынасы» көрмесінде «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқып берді.    width= Іс-шара соңында бір ай бойы әртүрлі жастағы жасөспірімдер, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар да қатысқан «Алматы БалаFest» фестивалінің жеңімпаздары марапатталды.    width= Жалпы,  әдебиет, бейнелеу өнері, спорт, декоравтивті-қолданбалы өнер, эко-байқау, вокал мен хореография және IT салалары бойынша өткен фестивальде 300 мыңнан астам бала бақ сынаған.