Дәурен Абаев «Ирина Қайратовнаның» концертіне қатысты пікір білдірді
Дәурен Абаев «Ирина Қайратовнаның» концертіне қатысты пікір білдірді
© arbat.media
161
оқылды
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматыда өткен «Ирина Қайратовна» тобы мен Shiza атты рэпердің концертіне қатысты пікір білдірді.  Желі қолданушылары мен көрермендер әртістердің іс-әрекетіне наразылық білдірді. Журналистер министрден «сахнада мас тұрғаны үшін жауапкершілікке тарту енгізіле ме?» деп сұрады.
«Мыңдаған концерт болады. Сол мың әртістің бәрі сахнаға мас шықпайды ғой. Бұл проблеманы біз жақсы білеміз және онымен айналысып жатырмыз.  Менің ойымша, таяу уақытта біз не және қалай істейтініміз туралы нақты жұмыс нәтижесін көрсететін боламыз», – деді министр журналистер сауалына.
Министрден Қазақстанға келген ресейлік тиктокерлерді қалай бақылайтынын сұрады.
«Бақылағаны қалай? Заң бәріміз үшін бірдей. Тиктокер ме,  қарапайым адам ба бәрі бірдей, еліміздің лауазымды адамдарынан қарапайым адамдарына дейін заң бірдей. Егер ресейлік тиктокерлер заң бұзса, Қазақстан заңы бойынша жауапқа тартылады»,  – деді министр.