Қызылордада полицейлер қару-жарақ қорын тәркіледі
Қызылордада полицейлер қару-жарақ қорын тәркіледі
321
оқылды
Қызылорда облысында далалық жерден түрлі атыс қарулары жасырылған орын анықталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті мәлім етті. Аталған орын ҚР Ішкі істер министрлігі және Қызылорда облысы Полиция департаменті  қызметкерлерінің бірлескен жедел-профилактикалық  іс-шара барысында белгілі болды.
«Полиция қызметкерлері далалық жерден түрлі атыс қарулары жасырылған орынды анықтады. Ол жерден шолақ мылтық, тапанша, оқтар, асхана пышағы, каска, резеңке таяқ (дубинка), темір қол кісені және арнайы киім алынды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеті басталды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – делінген департамент хабарламасында.