GGG мен «Канело» арасындағы айқасқа қатысты тың ақпарат шықты
GGG мен «Канело» арасындағы айқасқа қатысты тың ақпарат шықты
269
оқылды
Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) және Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек өтетін орынға қатысты ақпарат шықты, – деп хабарлайды Vesti.kz. Вoxingnews24.com мәліметінше, трилогияның баспасөз туры жуырда жария етіледі. "Хирннің сөзінше, "Канело" – Головкин айқасын өткізетін негізгі орын Лас-Вегас, алайда оған жекпе-жекті АҚШ-тан басқа елде өткізу ұсынысы жасалған екен" деп жазады басылым. Алайда промоутер бұл кездесуді қай елдер өткізгісі келетіні туралы ашық айтпады. Дегенмен бірінші кезекте ол Мексика болса керек. Сонымен қоса  Сауд Арабиясы да тізімде болуы ықтимал.