Елордада КамАЗ жүргізушісі полицейлердің көлікті тоқтату туралы бұйрығын елемей, қашып кетуге тырысқан. Жанжал шығарып, полицейлермен төбелескен. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады.
«Оқиға Нұр-Сұлтан қаласы маңында болған. 39 жастағы КамАЗ жүргізушісі полицейдің көлікті тоқтату туралы бұйрығын елемей, қашып кетпек болған. Патрульдік көлікті қағып, полицейлерге күш көрсеткен», – делінген ресми хабарламада.