Елордада КамАЗ жүргізушісі полицейлермен төбелесті – видео
Елордада  КамАЗ жүргізушісі полицейлермен төбелесті – видео
Фото: видеодан скриншот
469
оқылды
Елордада КамАЗ жүргізушісі полицейлердің көлікті тоқтату туралы бұйрығын елемей, қашып кетуге тырысқан. Жанжал шығарып, полицейлермен төбелескен. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады. «Оқиға Нұр-Сұлтан қаласы маңында болған. 39 жастағы КамАЗ жүргізушісі полицейдің көлікті тоқтату туралы бұйрығын елемей, қашып кетпек болған. Патрульдік көлікті қағып, полицейлерге  күш көрсеткен», – делінген ресми хабарламада.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.