Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттады
©kaz.nur.kz
287
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және ғылыми қызметтегі ерекше еңбегі үшін көрнекті ғалымдар ҚР Мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Олардың қатарында Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдары, профессор  Бақтияр  Сманов және кафедра меңгерушісі  Владимир  Косов бар.  width=   Бақтияр  Сманов – педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, Қазақстан  Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының (Ресей), Халықаралық Айтматов академиясының (Қырғыз Республикасы) академигі, «Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы» (Филологиялық ғылымдар сериясы) журналының бас редакторы, Қазақстан  Жазушылар  және Журналистер одағының мүшесі, редакция мүшесі. «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Мугалим» (Қырғыз Республикасы) журналдарының редакциялық алқа мүшесі. Жамбыл Жабаев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, 450-ге жуық ғылыми еңбектің (оның ішінде 7 монография, 15 оқулық және оқу-әдістемелік құралдар) авторы.  width=   Владимир  Косов – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, термофизика және теориялық жылу техникасы, технология саласындағы ғылыми мектептің жетекшісі. 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» ұлттық павильонында EXPO-2017 дүниежүзілік көрмесінде «көмірсутекті газ қоспасын бөлуге арналған құрылғы» авторлық жобасын ұсынды. Қазақстан  Білім және ғылым министрлігінің бірнеше жобаның жетекшісі, 200-ден астам ғылыми мақаланың, 4 монографияның және 15 патенттің (оның ішінде 1 халықаралық) авторы. Scopus және Web of Science халықаралық дәйексөз деректер базасы бойынша Хирш индексі – 6/5. Ол 2 физика-математика ғылымдарының докторын, 8 ғылым кандидатын, 2 PhD докторын дайындады.  width= Осы күні Абай университетінің тағы бір ғалымы математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Алма Әбілқасымова ҚР Ұлттық ғылым академиясының медалін алды.