«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 2 пайызбен ипотекаға өтінімдер 20 маусым мен 19 шілде аралығында қабылданады, деп хабарлайды Krisha.kz сайты.
Бағдарламаға қатысушылар тұрғын үй сатып алуға 20 жыл мерзімге 2 пайызбен несие ала алады. Бастапқы жарна 10 пайыз болады.
Бағдарламаға әкімдікте кезекте тұрған мына азаматтар қатыса алады:
көпбалалы отбасы;
мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;
толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде үш жыл өтуі керек).
Несиенің ең жоғары сомасы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және осы қалалар маңында, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында 15 миллион теңгеге дейін және қалған өңірлерде 10 миллион теңгеге дейін болады.