Әлібек Қалбайдың өлімі: күдікке ілінген Айболат Аманжоловтың ата-анасы әділдік іздеп жүр
Әлібек Қалбайдың өлімі: күдікке ілінген Айболат Аманжоловтың ата-анасы әділдік іздеп жүр
Фото: видеодан скриншот
309
оқылды
Маңғыстаулық сарбаз Әлібек Қалбайдың өліміне қатысты күдікке ілінген Айболат Аманжоловтың ата-анасы әділдік іздейді. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.   Олар Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар әскери бөлімінде жұмбақ жағдайда көз жұмған Әлібек Қалбайдың өліміне ұлымыз кінәлі емес дейді. Бір айдан астам уақыттан бері тілдесуге зар болған ұлын Қордайдағы тергеу абақтысынан Алматыға ауыстырып жібергенін тамақ апарғанда бір-ақ білгенін айтады. Айболат Аманжоловтың анасы Айнұр Төлемісова: Не адвокатқа, не бізге ескертпей, жайлап барып алып кетіпті. Балам дәрі ішіп жатыр. «Мама, менің жүрегім ауырады. Мен дәрі ішкеннен кейін ұйықтап қаламын», – дейді. Балама олар қандай дәрі беріп жатыр? Баламнан бірде-бір хабар жоқ. Баламның қандай жағдайда екенін де білмеймін», – дейді. Қайтыс болған сарбаздың ата-анасы да ұлын әскердегі досы өлтірді дегенге сенбейтінін айтқан. Айболат Аманжоловтың анасы ұлын әскерге шақырған облыстық Қорғаныс департаменті мамандарынан ұлын ақтап, қайтаруды талап етіп отыр. Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Ержан Жұманов: «Тиісті заңнамаларға сәйкес, ол жерде тергеу жүріп жатыр. Ал ол баланы мында алып келуге бізде құзырет жоқ. Ол бала әскерге шақырылғанға дейін де ешқандай полиция, психиатр, нарколог дәрігерлерде есепте тұрмаған. Бәрі де таза ол жағынан. Ешқандай ауытқулар болмаған. Құзырлы мекемелердің сұранысы бойынша біз құжаттарын жібердік», – дейді.   https://youtu.be/Nvws6Q32Kqc Бұған дейін Президент Әлібек Қалбайдың өлімінің шынайы себебін анықтауға тапсырма бергенін жазған болатынбыз.