«Он екі мұқам» – ұйғыр халқының баға жетпес тарихи мұрасы
«Он екі мұқам» – ұйғыр халқының баға жетпес тарихи мұрасы
639
оқылды
Алматыдағы Құдыс Қо­жамияров атындағы рес­публикалық мемлекеттік академиялық Ұйғыр му­зыкалық комедия театры 88 маусымын үлкен та­быспен жапты. Маусымжабарға «Он екі мұ­қамның» 5-ші мұқамы «Пан­джигах» музыкалық драмасын көрермендерге ұсынды. Қазақ­станның Құрметті жазушысы, Еңбек сіңірген қайраткер Ах­­мет­жан Ашири шы­ғармасы­ның қою­шы режиссері, жоба авторы – ҚР Халық артисі Мұрат Ахмадиев. Қазақ жазушысы Сәбит Мұқа­нов: «Он екі мұқам – ұйғыр хал­қы­ның «а» дан «я» әріпіне дейін барлық ән-күй, би өнерінің жиын­тығы» деп баға берген бола­тын. Аспандаған әуен, мың бұрал­ған бимен көркемделген поэ­зия­лық, ұлттық ерекшеліктерге толы шығармадан тарихы терең қайнар көзін және қоғамдық сипатын айрықша сезінуге болады. «Он екі мұқам» ғасырдан ғасырға жалғас­қан жыршылық, ақындық, халық­тық ән-жыр мен көркем өнердің дастандары негізінде қалып­тас­қан. Халық арасына кең таралған жанды музыканың дәстүрлі мек­тебі. Бұл музыка тарихындағы тең­дессіз қазынаның түркі дүние­сіне қосқан үлесі зор. Мың жыл­дардан бері жалғасып келе жатқан шығыстың көркем өнері. Мұ­қам­дардың нақты кейіпкерлері – қа­рапайым өнерлі бұқара. Оны жыр­лаған, ауыздан ауызға, ұрпақ­тан ұрпаққа шып-шырғасын шы­ғармай сақтап келген халықтың өзі. Жұрттан шыққан зерделі зе­рек орындаушылар, ұлттық му­зы­ка аспабының шебер шертушілері, таңдаулы мұқамшылар, ақындар мұқамды жарыққа шығарып, ба­йытып отырған. Оны бірізділік­ке түсіруде, ғасырлар бойы да­мытып, кемелдендіруде халық өзі тер төккен. Жаңадан жүйеленген «Он екі мұқам» әуеніне өлшемді жыр текс­ті белгіленді. Әсіресе, мұқам­ның классикалық ерекшелігіне сай келетін өлең сөздері тұрақтан­ды. Онда Алишер Науаи, Лутфи Машрап, Қәләндар, Билал На­зым, Саккакиді негізге алған клас­сикалық жыр-дастандары айтылатын болды. Одан өзгеде түркі халықтарының таңдаулы жырлары, ұйғырдың халық жыр-тақпақтары қарастырылды. Бұл кезеңде қолға келген ұйғырдың «Он екі мұқамның» тарихи же­тістіктері ішінде ұйғырдың таң­даулы дәстүрлері алға шығарылып, ежелгі музыка аспаптары рефор­маланып, үйлесімдігі арта түсті. Музыка әуені мен ән сөзі сәйкес­тендірілді. Орындалатын музы­калық аспаптардың саны мен сапасы да арта түсті. Жәркент хандығы дәуірінде сақталған музыканың қымбатты қазынасын жинап алып қорқау­лықпен өртке орап, күлін көкке ұшырды. «Он екі мұқам» осылай­ша кейбір жоғалтуларға, тозуға тап болса да, халық оны анасының құшағындағы сәбидей қызғыштай қорғады. Солай «Он екі мұқам» халықтың өлмес рухының құдіре­тімен өмір сүре берді. Ғасырлар бойы мұқамшылар оны тоқтаусыз толғап, бірінен біріне аса ыжда­ғаттылықпен өтікізіп отырған. Бұл ұлы туынды халықпен бірге жасасып, солай сақталған.. Мұқам мектебінің түлектері Тұрдақын Әлнағма, Карушаң Аху­нум, Қасимахун Әлнағма, Аман­нисахан, Қидирхан, Махмұд мұқамшы, Абдурашидхандар рет­ке келтіріп, халық мұрасын жо­ғалтпай сақтап қалды. «Он екі мұқам» бес ғасырлық тарихи дәу­ренінде үздіксіз түрде дамыған болса да, бірақ негізгі өзегі ретінде сол баяғы Сұлтан Рашидхан зама­нындағы жүйеленген, лайық­тал­ған нұсқасы бойынша орындалып келеді. Аталған театрда мұқамдар­дың орындалуына «Рухсара» би ансамб­лі мен «Нава» фольклорлық ансамбльдері де атсалысты. 2005 жылы «ЮНЕСКО» «Он екі мұқамды» ұйғыр халқының рухани қазынасы, ұлттық музыка мұрасы ретінде тізіміне қосты. Шығыс музыка өнеріндегі таң­ғажайып құбылыс деп мойындал­ған «Он екі мұқамның» күреске толы өмірі міне осындай екен. Осы тарихи мұраны ұйғыр театры қайта жаңғыртып халыққа ұсы­нып отыр. Жылына бір мұқамды өңдеп, жарыққа шығарады. «Енді алдағы жеті мұқамын шығаруға Мәдениет және спорт министр­лігінің назарға алуын өтінеміз», – деді менімен әңгімелескен театр әртістері. 2018-2021 жылдары театр ғи­маратының барлық инженерлік және коммуникация жүйелері ауыстырылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сахна машинериясы жаңа техникамен қамтамасыз етілді. Сахнаға жарық беру, дыбыс құралдарының жаңа технологиясы орнатылды. Театр­дың ішкі көрінісі өзгереді. Кө­рермендер залы, кіреберіс және бүкіл зал жаңаланды. Ғимарат толық күрделі жөндеуден өткен. Бұл қайта жаңғарту жұмысын қайтадан қолға алуда театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақ­стан­ның халық артисі Мұрат Ахмадиев көп күш жұмсады. Театр ұжымы драматург Ахмет­жан Аширидың қаламынан шыққан «Мұқамшылар» музы­ка­лық шығармасымен Түркия елі­нің Ыстамбұл, Измир, Бурса ша­һарларында болып, көрер­мен­дердің ыстық ықыласына бөленіп қайтқан.

Сәуле ДОСЖАН, жазушы