Ақтөбеде жүк көлігі мен екі автобус соқтығысып, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді

Ақтөбеде жүк көлігі мен екі автобус соқтығысып, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жүк көлігі мен екі автобус соқтығысты. Жол апатынан жолаушылар жарақат алды. Ақтөбе қаласында жүк көлігі мен №21және №45 бағыттағы автобуспен соқтығысты. «Самара-Шымкент тасжолында HOWA маркалы жүк көлігі жылдамдықты бәсеңдетпей, №21 бағыттағы автобусқа соқтығысты. Автобуста 45 жолаушы болған. Апат салдарынан №21 бағыттағы автобус №45 бағыттағы автобусқа соқтықты. Екінші автобуста 33 жолаушы болған. Жарақат алған жеті жолаушы  ауруханаға жеткізілді» делінген ресми хабарламада. Бұған дейін елордада КамАЗ жүргізушісі полицейлермен төбелескені туралы жазған болатынбыз.