Түркістан облысында тұрғындардан 5 миллион теңгеге жуық ақша алған әйел қолға түсті
Түркістан облысында тұрғындардан 5 миллион теңгеге жуық ақша алған әйел қолға түсті
Фото: yandex.kz
281
оқылды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында екі тұрғыннан алаяқтық жолмен 5 миллион теңгеге жуық ақша алған әйел ұсталды, – деп жазды Polisia.kz. Сарыағаш аудандық полиция бөліміне екі әйел арызданды. Олардың айтуынша, алаяқ «Дамудан» қайтарымсыз ақша алып беремін деп сендірген. Біреуінен 2,6 миллион теңге, екіншісінен 2,2 миллион теңге ақша алған. Алайда жарты жылдан астам уақыт өтсе де, күдікті берген уәдесін орындамаған. Жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемі – 4,8 миллион теңге. Полиция күдікті әйелдің жергілікті тұрғын екенін анықтады. Алған қаражатты өз пайдасына жаратып жіберген.