Назарбаев Талғар қаласының әкімі лауазымына өзін-өзі ұсынды
Назарбаев Талғар қаласының әкімі лауазымына өзін-өзі ұсынды
Фото: Талғар ауданының әкімдігі
Алматы облысы Талғар қаласының әкімі лауазымына Сапарбек Назарбаев өзін-өзі ұсынды.  Талғар аудандық сайлау комиссиясы аудан әкімі болуға үміткер Сапарбек Назарбаевты таныстырды.
«Сапарбек Мұхтарұлы Назарбаев 1977 жылы 28 қаңтарда Өзбекстан Республикасы Әмудария ауданы Мангит қаласында дүниеге келген. Қазақ. Экономист. Қазақстан  азаматы. Қазір «Сейф-ломбард» ЖШС автоломбардты дамыту жөніндегі менеджер. Өзін-өзі ұсынушы. Талғар қаласының тұрғыны», – делінген Талғар ауданы әкімдігінің ресми парақшасында.