Сондай-ақ басқосу аясында Геральдикалық зерттеулер орталығы «Қазақ геральдикасы: Көне дәуір және бүгін» атты көрме ұйымдастырды. Онда ертеден қазақ халқының рәмізі саналған құнды дүниелер көрсетілді. Өз кезегінде «Қазақ геральдикасы» кітап альбомының тұсаукесер рәсімі де өтті.
Осы жиында Мәдениет министрлігіне қарасты Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш алдағы уақытта Мемлекеттік рәміздер күніне орай өтетін бірқатар жиындарды атап өтті.
– 4 маусымда Мемлекет басшысымен Мемлекеттік туды көтеру рәсімі болады. Бұл тұста барлық мекемелерде Әнұран орындалатынын айта кеткен жөн. Атаулы күн аясында Мәдениет министрлігі «Жыл патриоты» атты патриоттық форумын өткізеді, – деді ол.
Салтанат Асанәліқызы, Қарақат Әнуарқызы, ЕҰУ-дың 2-курс студенттері