БҚО-да бір отбасы жол апатына ұшырап, бір әйел көз жұмды
БҚО-да бір отбасы жол апатына ұшырап, бір әйел көз жұмды
Фото: 24.kz
271
оқылды
Батыс Қазақстан облысында бір отбасының мүшелері жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды 24.kz. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 3 маусым күні сағат 18.13-те Ақсай-Шыңғырлау жолының 34-шақырымында болған. 41 жастағы ер адам айдап келе жатқан «Рено Сандеро» автокөлігі аударылып қалды. Автокөлік салонында әкесі мен анасы, баласы мен қызы, барлығы бес адам болған. Жол апаты салдарынан 1961 жылғы әйел есін жимастан ауруханада көз жұмды. «Жол апатының себебі жүргізуші қалғып кеткен. Медициналық куәландыруға сәйкес ол ішімдік ішпеген. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», – деді Д.Мәжитова.