Қазақстанның әйелдер құрамасы үстел теннисінен іріктеу турнирінде жеңіске жетті
Қазақстанның әйелдер құрамасы үстел теннисінен іріктеу турнирінде жеңіске жетті
Фото: olympic.kz
265
оқылды
Қазақстанның әйелдер құрамасы Алматыда өткен Үстел теннисінен Орталық Азиядағы іріктеу турнирінде жеңіске жетті. Осылайша, олар күзде Лаоста өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына жолдама алды, – деп хабарлайды Қазақстанның үстел теннисі федерациясының баспасөз қызметі. Финалда қазақстандық Сарвиноз Мірқадырова, Ангелина Романовская, Анель Бахыт және Алиса Цвигун өзбекстандық спортшыларды жеңді. Үшінші орын Иран құрамасының еншісінде. Ал Қазақстанның ерлер құрамасы Ираннан ұтылып, екінші орынға ие болды. Өзбекстан өкілдері "қоланы" қанағат тұтты.