Аида Сатыбалдинова үш жылдық үзілістен кейін рингке оралды
Аида Сатыбалдинова үш жылдық үзілістен кейін рингке оралды
213
оқылды
Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (5-2-1, 5 КО) 2019 жылдан бері алғаш рет кездесу өткізбек, – деп хабарлайды Aikyn.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Жекпе-жек 18 маусымда Коммерсте өтеді (АҚШ, Калифорния штаты). «Спарта ледиінің» қарсыласы алғашқыда америкалық Элизабет Туани (1-7, 0 КО) болуы керек еді, алайда енді BoxRec.com сайты Аиданың Гаити боксшысы Джайка Павилуспен (3-5-1, 1 КО) жұдырықтасатынын мәлімдеді. Жекпе-жек алты раундқа есептелген. Сатыбалдинованың соңғы айқасы 2019 жылғы 27 шілдеде Тихуанда (Мексика) өткен. Онда қазақстандық спортшы төрешілердің басым бөлігінің шешімімен жергілікті боксшы Дайанне Гонсалестен (6-5-1, 3 КО) жеңілген болатын.