Жеңілдетілген автонесие: қазақстандық банк өтінімдерді қабылдауды қашан бастайды?
Жеңілдетілген автонесие: қазақстандық банк өтінімдерді қабылдауды қашан бастайды?
Several new cars at dealership salon.
506
оқылды
"Өнеркәсіпті дамыту қоры"баспасөз қызметі өкілі жеңілдетілген автонесиені қаржыландыру аясында қор екінші деңгейлі банктерге мына лимиттермен 100 миллиард теңге бөлгенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
"Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысушы банктер жалпы сомасы 71 миллиард теңгеге 9575 өтінімді мақұлдады, соның ішінде: "Еуразиялық Банк" АҚ - 15,6 миллиард теңге сомасына, "Банк ЦентрКредит" АҚ - 25,9 миллиард теңге сомасына, "Қазақстан Халық банкі" АҚ - 19,4 миллиард теңге сомасына, Forte Bank АҚ - 9,9 миллиард теңге сомасына. Қазір "Еуразиялық банк" 15 миллиард теңге сомасындағы өтінімдерді мақұлдап, 20 миллиард теңгеге екінші траншты алу рәсімінен өтіп жатыр", - деді қордың баспасөз қызметі өкілі.
"Банк ЦентрКредит" АҚ пен "Қазақстан Халық банкі" АҚ автонесие алуға берілген өтінімдерді мақұлдау арқылы барлық лимитті іс жүзінде игергені айтылды. "Қазақстан Халық банкі" АҚ 7,5 миллиард теңге сомасына екінші траншты алу бойынша рәсімдерден өтіп жатыр, Forte Bank автонесие алу үшін өтінімдерді қабылдауды жалғастырып жатыр.
"Келесі аптада қор "Еуразиялық Банк" АҚ және "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ға қалған лимиттерін береді, олар осы лимиттер шеңберінде өтінімдерді қабылдауды қайта бастайды", - деп түсіндірді қордың баспасөз қызметі өкілі.