Шымкенттіктер белсенді дауыс беруде
Шымкенттіктер белсенді дауыс беруде
363
оқылды
Шымкент қаласы тұрғындары Жаңа Қазақстанға үлкен үміт артып отырғанын байқауға болады. Оның дәлелін  ел Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдумға дауыс беру үшін таң алакеуімнен сайлау учаскелеріне ағылған жұрттан байқауға болады. Теріскей шағын ауданы Батырбек Өтеп атындағы өнер мектебіндегі  №306 дауыс беру  учаскесі таң ата өз жұмысын бастап кетті. Учаскеде 5 комиссия мүшесі мен 3 бақылаушы дауыс берушілерге қызмет көрсетуде. Комиссия мүшелерінің әрқайсысына әзірге 50 бюллетень таратылды. Учаскелік комиссия төрайымы Маржан Есжанова дауыс берушілер белсенді екенін атап өтті. Таңғы сағат 7-00 де екі тұрғын дауыс беріп үлгерді. Оның бірі – Раталы Омарбеков. «Мен Президентімізге сенемін. Үлкен өзгеріс болады деген үміттемін. Осы референдумнан кейін еліміз жақсы жаңалықтарға толы болады деп ойлаймын. Сол үшін менің де үлесім болғанын қалап, дауыс беруге асықтым», – дейді дауыс беруші Раталы Маханбетұлы. Жалпы бүгін Шымкент қаласындағы  311 дауыс беру учаскесі  611 133 дауыс берушіге қызмет көрсетеді.

Шымкент қаласы