Бүгін Қазақстанда референдум өтіп жатыр. Тәуелсіз Қазақстан тарихында аса маңызды мәселелер жалпыхалықтық дауыс беруге осымен екінші мәрте шығарылып отыр, – деп жазады 24.kz.
Қазақстанда ең алғашқы референдум осыдан 27 жыл бұрын өткен. Ал биыл референдум Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізу үшін өткізіліп жатыр.
Сенат депутаты Мұрат Бахтиярұлы: «Бізде көп жылдар бойы экономиканы дамытуды бірінші орынға қойдық та, саясатты екінші орынға қойдық қой. Сондықтан да саяси жүйені осы реформаны қабылдасақ, осы референдум аман-есен өтсе, саяси жүйені реформалаудың нышаны деп білеміз», – деді.
Айта кетейік, 10 мыңнан астам референдум учаскесі жасақталған. Азаматтар сағат 07.00-20.00 дейін дауыс береді. Жалпы, референдумға қатысуға 12 миллионға жуық дауыс беретін азамат тіркелді.