Дауыс берушілерде Жаңа Қазақстанды құруға талпыныс мол
Дауыс берушілерде Жаңа Қазақстанды құруға талпыныс мол
259
оқылды
Бүгін – Тәуелсіз Қазақстанның саяси өмірінде ерекше тарихи күн. Бұл – Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізуге қатысты соңғы 27 жылда өтіп отырған екінші референдум. Бүгін әр тұрғын өзінің азаматтық құқығын пайдаланып, таңдау жасайды. Халықтың таңдауы мемлекет үшін де маңызды. Тұрғындар да еліміздің жарқын болашағына, жаңа өміріне қадам жасайтын маңызды күн екенін сезініп, таң алакеуімнен дауыс беруге белсенділік танытып жатыр. Шымкент қаласындағы №7 дауыс беру учаскесіне «AMANAT» партиясының өкілі ретінде келген Қуаныш Ортаев халықтың көңіл күйі керемет екенін айтып өтті. «Дауыс берушілердің қуанып тұрғанын жүзінен-ақ байқауға болады. Жаңа Қазақстанды құрамыз, деген керемет көңіл күймен келіп жатқан олар тарихи сәтті сезініп суретке түсіп, қуанып кетіп жатыр. Жалпы референдумның өзі халық үшін болып жатқан маңызды қадам. Халық та соны айрқыша сезінуде. Осы уақытқа дейін 1989 дауыс берушінің 40-ы өз таңдауын жасады. Ешқандай құқық бұзу әрекеттері болған жоқ, жақсы өтіп жатыр», – дейді Қуаныш Айтуғанұлы.