Қостанайлық мұғалім: Еліміздің болашағы үшін дауысымды бердім
Қостанайлық мұғалім: Еліміздің болашағы үшін дауысымды бердім
303
оқылды
Қостанай облысы Лисаков қаласының №3 жалпы білім беру мектебінің мұғалімі Манарбек Құмаров сайлау учаскелерінде сайлаушылар қарасы қалың екенін жеткізді.  Оның айтуынша, тұрғындар Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда белсенділік танытып, толассыз келуде. –  Дауыс беруге таңертең тоғыздар шамасында барғанмын. Бәрі заң жүзінде өтіп жатыр. Сайлау учаскісіне келген халық өз ретімен дауыс беріп жатыр. Мен де азаматтық парызымды орындап, еліміздің болашағы үшін дауысымды бердім! Бұл –  билік үшін емес, халық үшін керек. Бүгінгі референдумның маңызын әр қазақстандық тереңінен түсініп, жауапкершілік танытып, өз таңдауын жасайды деп ойлаймын, –  дейді география пәнінің мұғалімі Манарбек Құмаров.