Қазақстандықтардың 53,43%-ы референдумда дауыс берді
Қазақстандықтардың 53,43%-ы референдумда дауыс берді
166
оқылды
Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова сағат 14.00-дегі жағдай бойынша 6 262 973 адам дауыс бергенін айтты. 
“Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусым сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 53,43%-ы бюллетень алды. 6 262 973 адам дауыс берді. Нақты айтқанда, Ақмола облысы – 56,89, Ақтөбе облысы – 45,64, Алматы облысы – 58,07, Атырау облысы – 50,68, Батыс Қазақстан облысы – 53,58, Жамбыл облысы – 63,46, Қарағанды облысы – 61,08 , Қостанай облысы – 62,47, Қызылорда облысы – 65,03, Маңғыстау облысы – 43,36, Павлодар облысы – 57,79, Солтүстік Қазақстан облысы – 62,41, Түркістан облысы – 53,63, Шығыс Қазақстан облысы – 64,21, Нұр-Сұлтан қаласы – 41,13, Алматы қаласы – 23,06, Шымкент қаласы – 59,32 пайыз”, – деді Анастасия Щегорцова.
Келесі жедел ақпарат сағат 16.00-де берілетін болады.