Ақтөбе облысында үш бала суға батып кетті, – деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Қайғылы оқиға 4 маусым күні Ырғыз ауданына қарасты Ақши ауылында болған.
«ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне кешкі сағат 19.00 шамасында 4 және 5 жастағы әпкелі-сіңлілі қыздар мен 4 жастағы ұл баланың Ақши ауылынан бір шақырым жерде орналасқан Ырғыз өзеніне батып кеткені туралы хабарлама түсті», – делінген ТЖД хабарламасында.
Алдын ала мәлімет бойынша, 2017 және 2018 жылғы балалар ересектердің қарауынсыз қалған.