Қол қусырып отыра бермей, Жаңа Қазақстанды құруға үлес қосайық – Айсұлу Ерниязова
Қол қусырып отыра бермей, Жаңа Қазақстанды құруға үлес қосайық – Айсұлу Ерниязова
Фото: А.Ерниязованың Facebook-тағы парақшасынан алынды
367
оқылды
«AMANAT» партиясының Жастар қанаты төрағасының орынбасары Айсұлу Ерниязова Жаңа Қазақстанды құруға әр адам атсалысу керегін айтты. Бұл туралы Айсұлу Ерниязова Facebook-тағы парақшасында жазды. «Референдум қорытындысына қарасақ, дауыс беруге құқы бар азаматтардың  77 пайызының 68,6%-ы оң шешімді жақтап дауыс берді. Осындан-ақ өзгерістерді халық қолдайтынын байқауға болады. Референдум қарсаңында Республикалық партиялық штаб мүшелері 6 мамырдан 3 маусымға дейін үгіт-насихат жүргізіп, 12,7 мың іс-шара өткізді. Шалғайдағы ауыл аймақ, қала тұрғындарымен кездесу өткізді. Президент референдум Қазақстан тарихындағы жаңа бетбұрыс екенін айтты. Референдумнан шет қалғандар да уақыт өте келе өзгеріс жасаушылардың қатарына қосылатынына сенімім мол. Бастаманың барлығын жоққа шығару оңай. Соған қарамастан, қол қусырып отыра бермей, Жаңа Қазақстанды құруға әркім өз үлесін қосса, өзгеріс болары ақиқат», – деп жазды Айсұлу Ерниязова.