Референдум қазақстандықтардың Жаңа Қазақстандағы жаңа өзгерістерге деген дайындығын көрсетті - Аманжан Жамалов
Референдум қазақстандықтардың Жаңа Қазақстандағы жаңа өзгерістерге деген дайындығын көрсетті  - Аманжан Жамалов
© inform.kz
335
оқылды

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов өткен референдум қазақстандықтардың ауызбіршілігін және Жаңа Қазақстандағы жаңа өзгерістерге деген дайындығын көрсетті деп есептейді.

"5 маусым күні қазақстандықтардың көпшілігі Қазақстан Республикасының Президенті Конституцияға ұсынған түзетулерді қолдады. Өткен референдум қазақстандықтардың ауызбіршілігін және Жаңа Қазақстандағы жаңа өзгерістерге деген дайындығын көрсетті.

Бұл Қазақстан тарихындағы маңызды сәт. Өмірдің барлық салаларында жаңа түбегейлі өзгерістер орын алып, еліміздің орнықты дамуы басталды.

Халықаралық байқаушылар референдумды ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалап, Қазақстандағы референдумды ашық әрі айқын деп таныды. Референдум Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына және еліміз өзіне қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес өткізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті айтқандай, біздің ортақ және ең басты міндетіміз – Жаңа және Әділетті Қазақстанды құру үшін Тәуелсіздігімізді, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайту.

Конституцияға түзетулер елдің әртүрлі салаларын әрі қарай демократияландыруға бағытталған: мемлекеттік аппаратты басқару тиімділігін, барлық билік тармақтарының үйлесімдігін арттыру. Мемлекеттік органдар жұмысының негізгі бағдары бизнес-қауымдастықпен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен толық және тығыз өзара әрекет ету болады.

​Даму қозғалысының ажырамас бөлігі сияқты барлық салалардағы адал кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасайтын қолданыстағы заңнаманы қайта қарап шығу керек.

​Жалпы ел экономикасы кірістерді әділетті бөлу принципі бойынша барлық қазақстандықтардың әл-ауқаты, жұмыс орындарын құру, азаматтардың өмір деңгейін арттыру үшін жұмыс істейтін болады.

​Алда үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтар мен азаматтардың қатысуымен Үкімет пен Парламенттің үлкен жұмысы күтіп тұр.

​Баршамыз бірігіп қана, Жаңа және Өркендеген Қазақстанды құра аламыз, еліміздің тағдыры әрбір қазақстандықтың қолында!",  – деп жазды депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.