Антикор Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған ХҚО қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғады
Антикор Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған ХҚО қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғады
© azattyq-ruhy.kz
173
оқылды
Елордада Халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған №2 ХҚО қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі. 
"Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іс жүзінде емтихан тапсырусыз жүргізуші куәліктерін бергені үшін заңсыз жүйелі негізде сыйақы алу және автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қою фактісі бойынша автокөлік иелеріне арналған Халыққа қызмет көрсету бойынша мамандандырылған №2 ХҚО қызметкерлеріне және өзге де тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша бірқатар шұғыл тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.