Биылғы 20 маусымнан бастап қазақстандықтар «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім бере алады.
«Аталған бағдарламаға көпбалалы отбасылар, ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған және толық емес отбасы (ажырасқан уақыты 3 жылдан кем болмауы тиіс) санатына жататын мемлекеттік пәтер кезегіне тұрған Отбасы банкінің салымшылары қатыса алады», – деп хабарлайды банк.
Қаржы ұйымы таратқан ақпаратқа сәйкес, өтінім otbasybank.kz сайты арқылы қабылданады.
Яғни банкке немесе әкімдікке барудың қажеті жоқ.