"Ең алдымен баршаңызды Қазақстанның жаңартылған Конституциясымен құттықтаймын! Өткен референдумның қорытындысы қазақстандықтардың басым көпшілігі Президенттің жаңғыру бағытындағы бастамаларын қолдайтынын көрсетті. Азаматтарымыздың сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруі – Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына деген сенімінің жарқын көрсеткіші.
Шынын айту керек, үлкен іс атқарылды. Ел болып жұмылып, референдумды абыроймен атқардық. Осы жұмыстың бел ортасында өздеріңіз де жүрдіңіздер. Депутаттар күніне 250-ге жуық кездесу өткізді. Сіздер Президент реформаларын халыққа түсіндіруге зор үлес қостыңыздар. Сол үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін",– деді ол.