Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев Қазақстан Бас прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды.