Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Референдумды бағалау жөніндегі миссиясының басшысы Тамаш Месеричпен кездесті.
Кездесуге ҚР ОСК Төрағасының орынбасары Константин Петров, ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман, сондай-ақ Миссия басшысының орынбасары Доминик Хоуэлл, Миссияның саяси мәселелер жөніндегі маманы Рашад Ширинов, Миссияның сайлау мәселелері жөніндегі маманы Адина Боркан қатысты.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіров ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Референдумды бағалау жөніндегі миссиясына референдумды байқау бойынша атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Референдумды бағалау жөніндегі миссиясының басшысы Тамаш Месерич Орталық сайлау комиссиясының басшылығын 2022 жылғы 5 маусымда өткен республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу жөніндегі жұмыстың аяқталуымен құттықтап, референдум ұйымдастырушыларына референдум комиссияларының барлық деңгейлерінде миссиямен тиімді өзара іс-қимыл жасағаны үшін алғыс айтты.
Кездесу соңында тараптар тұрақты консультациялар режимінде және сайлауаралық кезеңде ҚР ОСК-ның ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-мен тығыз ынтымақтастығын жалғастыруға дайындығын растады.