Оралда Lada Кalina көлігі жолаушылар автобусымен соқтығысты. Апат орнында бір адам қаза тапты, – деп жазады «Мой ГОРОД» басылымы.
Жол апаты 8 маусымда кешкі 18:20 шамасында Жәңгір хан көшесінде Исатай мен Махамбет ескерткішінің маңында болды.
№7 бағыттағы автобус пен Lada Кalina көлігі соқтығысқан. Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
https://youtu.be/Ecb7t0DP1MY
Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.