Жыл басынан бері 143 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды
Жыл басынан бері 143 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды
Фото: altyn-orda.kz
331
оқылды
Шымкентте 3 миллион теңгеден асатын айыппұлды төлемеген жүргізуші ұсталды, – деп жазады Polisia.kz. Қалада сәуір айынан бастап «Қорғау» бағдарламасы арқылы 4468 жол ережесін бұзу фактісі анықталды. 1200-ге жуық жүргізушіні жауапқа тартты. Оның ішінде, сақтандыру құжатынсыз көлік басқарған 627, шетелдік нөмір таққан 275 автокөлік пен айыппұлы төленбеген 31 азамат анықталды. Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ жылдамдықты асырған Ravon Nexia көлігі туралы «Қорғау» қосымшасы арқылы хабар түсті. Бағдарлама жалған нөмірлі көліктің төленбеген айыппұлы бар екенін көрсетті. Яғни, көлік жүргізушісінде жыл басынан 143 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Оның айыппұл сомасы 3 миллион теңгеден асады. Көлік арнайы айыптұрағына қойылды. Бұған дейін Ақмола облысында шетелде жүрген адамға жалған айыппұл салған полицей туралы жазған болатынбыз.