Ақын, әлеуметтік желі белсендісі Серік Боқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлеріне сын айтты. «ҚМДБ имамдары үстіндегі сүннет киімін "гаишниктің" формасы деп есептей ме? Олардың пітір, садақа, зекет мәселесінде ғана үні шығады да, осындай намаздағылардың хақысына қол салынғанда, үні шықпай қалады», - деп ашуланды ол. Желі қолданушысы бұл не істейтін мекеме екенін сұрайды көпшіліктен. Оның пайымынша, сүннеттің ең маңызды өлшемі болған, әйелдің ар мен намысының қорғаны болған орамалға ара түсіп бір ауыз сөз айтпаса, жұма күні аз жамағатқа сөйлегеннен не қайыр?
«Имамның иманы өлшенетін осындай кезде олардың тұтасымен бұғып қалатынын онсыз да ширек ғасырдан бері білеміз. Себебі олар керек кезінде ақиқатты айтпайды! бидағатты сүннет қылып, сүннетті бидағат қылып көрсетеді. Біздегі діни ақуалдың шиленісіп кетуіне де осындай жағдай себеп болса керек.Осы жолы мүфти бір ауыз ақиқатты айтар деген сенімдеміз», - деді жазба иесі. Айта кетейік, қазіргі таңда әлеуметтік желілерде мектеп оқушысының орамал тағу-тақпауы қызу талқыға түсіп жатыр.