ҚМДБ Шуда 9 жасар 2 баланы зорлағаны үшін ұсталған ер адамға қатысты мәлімдеме жасады
ҚМДБ Шуда 9 жасар 2 баланы зорлағаны үшін ұсталған ер адамға қатысты мәлімдеме жасады
© platon.asia
322
оқылды
Жамбыл облысында екі жеткіншекке жыныстық зорлық-зомбылық көрсетті деген айыппен ұсталған күдіктінің мешітке қатысы жоқ, – деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.
«Жаңалықтарда жасөспірімдерге жыныстық зорлық-зомбылық көрсетті деген айыптыны имамның көмекшісі деп жатыр. Күдікті Жамбыл облысы Шу ауданы Бірлік ауылында 1992 жылы дүниеге келген, еш жерде жұмыс істемейді. Аталған ауыл тұрғынының мешітке кейде келіп жүргені болмаса, мешіттің діни рәсімдеріне қатысы жоқ. Жамбыл облысында мешіт қызметкері ретінде тіркелмеген», – делінген ақпаратта.
Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілдігі мешітке түрлі адамдардың келіп-кететінін еске салады.
«Облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті БАҚ-тың жоғарыда аталған ауыл тұрғынын мешіт көмекшісі деп айтқаны шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Нұр-Сұлтан қаласы 2019 жылы 23 қазанда жарық көрген «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері ережесіне сәйкес «мешіт көмекшісі» деген лауазым жоқ», – деп хабарлады ведомство.
Кеше Шуда 9 жасар екі балаға жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікті ұсталды. Таратылған ақпаратқа сәйкес, 30 жастағы айыпты 9 жастағы екі жеткіншекті ұзақ уақыттан бері зорлап келген.