Алматыда катализатор ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді.
Топ 1998, 1999 және 2000 жылы туған жастардан тұрған. Күдіктілер соңғы рет 5 маусымда Алматының Медеу ауданында ұрлық жасаған.
Күдіктілер тұрғын үй ауласындағы "Тойота Прадо" автокөлігінен катализаторы бар глушительді толығымен шешіп алып, сол арқылы 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. 5 маусымда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды.
Ұсталғандар қылмыстарын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың қаланың Түрксіб, Бостандық, Әуезов аудандарында осыған ұқсас 9 қылмыс жасауға қатысы бар екені дәлелденді.