The Mirror басылымы соңғы тәулікте Қытайда тараған вирустан көз жұмғандар саны күрт көбейгенін жазады.
Дереккөздің хабарлауынша, вирусты жұқтырғандар саны да бұрынғыдан да артып, 11 мыңға жеткен.
Күні кеше таңертең таратылған ресми ақпаратқа сәйкес, 213 адамның қайтыс болғаны хабарланған. Қауіпті коронавирус тарағалы бері оны жұқтырған 258 адам көз жұмды.
Біз бұған дейін Қытайдың Ухань қаласында таралған аурудың әлемнің 23 еліне тарағанын хабарлағанбыз. Сонымен қатар Қазақстанда коронавирус таралуының алдын алу үшін сақтық шаралары жасалып жатқанын жазған болатынбыз.