Шымкентте қазынадан бөлінген қаражатты жымқырды деген күдікпен балабақша меңгерушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Балабақша басшылары 2019-2021 жылдар аралығында балалардың қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізіп, мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландырудың «Балапан» бағдарламасы бойынша қарастырылған жалпы сомасы 45,7 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған деген күдікке ілінді» делінген агенттіктің ресми хабарламасында. Тергеу басталды. Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді.
Бұған дейін балабақша тәрбиешісі өзіне-өзі қол жұмсағаны туралы жазған болатынбыз.