Синоптиктер еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.Солтүстік Қазақстан облысында, батыста, шығыста бұршақ, көктайғақ, түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман, түнде солтүстік, батыс, шығыста, күндіз кей жерлерде тұман күтіледі. Көп бөлігінде – желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.
Павлодардың орталығында, солтүстікте, Қарағандының шығысында, солтүстік-батыста, Шығыс Қазақстанның батысында, солтүстікте, Ақтөбенің шығысында, солтүстікте, орталықта Атырау, Алматы облыстарында найзағай кезінде – желдің күші 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, күндіз шығысында – бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында солтүстік-батыста, солтүстік-шығыста бұршақ жауады, солтүстік-батысында жел күшейеді, облыстың батысында 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде – бұршақ жауады, екпіні 15-20 м/с жел күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде – шаңды дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында – көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады, күндіз оңтүстік-батыста, таулы аймақтарда жел 15-20 м/с күшейеді.