12 жастағы мектеп оқушысының өліміне қатысты Ақтөбедегі №60 мектептің директоры Абзал Тәжімішев пікір білдірді, - деп хабарлайды "Диапазон".
Директордың айтуынша, 2010 жылы туған бала 6-сыныпта оқитын. Отбасында үш бала.
"Маған ақпарат шамамен сағат 23.00-де түсті. Мен бірден 3-шағынауданға келдім. Мені кіргізбеді. Ата-аналар арқылы, чат арқылы балаларымызды іздей бастадық. Бір бала үйінде жоқ екен", - деді Абзал Тәжімішев.
Оның айтуынша, бұған дейін де баланы ит қапқан жағдайлар болған.
"Барлық инстанцияларға жаздық. Сөйтсек оларды атуға тыйым салатын заң бар екен, ит қабылдайтын орынға өткізу керек көрінеді. Жергілікті атқарушы органдардың қолы жіпсіз байлаулы", – мектеп директоры.