Қазақ тілінде еркін сөйлеймін – Лев Тараков
Қазақ тілінде еркін сөйлеймін – Лев Тараков
564
оқылды
«Время» газетінің бас редакторы Лев Тараков еліміз­дегі БАҚ-тың алар орны жайында сөз қозғап, елдегі шенеуніктердің ресми тіркелген басылымның журна­лис­терінен емес, блогерлер мен әлеуметтік желідегі белсенділерден қорқатынына қынжылды. «Ешбір елде ондай жоқ. Тек бізде ғана журналистің қадірі қалма­ды», – дейді ол. – Лев мырза, бүгінде біздің БАҚ өзінің негізгі қызметін тиімді атқарып жүр ме? Қазір халық көп ақпаратты қайдан, қалай қабылдап жатыр? – Жалпы, ақиқат – субъективті дүние. Мысалы, болып жатқан қан­дай да бір жағдайды әр журналист, әр басылым өзінше қозғайды, өзін­ше береді. Сондықтан бұл ақпарат­тың бұрмалануы деп қабылдау дұ­рыс емес. Сол секілді ақпаратты қа­был­дау да субъективті нәрсе. Мә­селен, біздің, яғни журналис­тер­дің тергеуін немесе ақпарат іздеп-анықтауын еліміздегі құқық қорғау мен сот жүйесінің басшылары ұнат­пайды. Бірақ оқырман осыны қалай­д­ы, әсіресе зардап шеккендер іздейді. Екіншіден, ақпараттың расты­ғы. Егер осы нәрсе бұрмаланса, бұл дұрыс емес. Байқасаңыз, соңғы жыл­дары біздің ақпараттық кеңісті­гіміз жалған ақпаратқа толы театр алаңына айналды. Алайда ресми тіркелген, заң алдында жауапқа тар­тылатынын білетін БАҚ шындыққа жанаспайтын ақпаратты жариялауға жол бермейді. Мейлі, ол газет бол­сын, теледидар болсын, бір әріп не­месе бір сөзге жауапты екенін бі­леді. Одан гөрі әлеуметтік желі­лер­дің пайдаланушылары немесе Telegram арналарының жазылу­шы­лары, со­ның иелері ешқандай жа­уапкер­ші­лікке тартылмайды. Үкі­мет ақпарат­тық кеңістіктегі осы сегментті ретке келтіріп, жөнге салу керек. Бұған рес­ми ақпарат құралда­рының тіл­шілері немесе БАҚ ту­ралы заң кінәлі емес. Мемлекеттің әрекетсіздігінен қазір өзіміздің ұлт­тық ақпараттық кеңістігіміз тобықтан төмен түсіп, құлдырап, жойылу алдында тұр. – Арада 30 жыл өтсе де, «баяғы жартас – бір жартас» күйінде тұрған­дай. Неге олай? Сонда бізге не же­тіспейді? – Ресей болсын, өзге ел болса да, олардың өзінде БАҚ-қа деген қа­рым-қатынас біздегідей емес, басқаша. Ресейлік БАҚ-тың кон­тен­ті, мазмұнын немесе саясат ту­ралы сөз қозғап отырғаным жоқ. Мемлекеттің ақпараттық салаға де­ген принципті көзқарасы туралы айтып отырмын. Ресейді алыңыз, олар бұрыннан өзінің ақпараттық ресурсын стратегиялық ресурс ре­тінде қарастырады. Олар ешуақытта журналистерден үнемдемейді. Кері­сінше, заманауи озық технология мен стандартты енгізуге қаражатты аямайды. Ал бізде ше? Соңғы 10-15 жылда ақпараттық кеңістік жүйелі және мақсатты түрде құлдырап ба­рады. Біздегі үкіметтік комиссияда қаралатын басты мәселе – Ақпарат министрлігі мен мемлекеттік БАҚ-тың бюджетін қысқарту, ықшамдау, оны жабу. Және осы мәселеде олар үнсіз қалады. Мысалы, бізде журналистика түлектерінің өзі БАҚ-қа барғысы келмейтін дәрежеге жеттік. Себебі журналистің беделі қалмады, жала­қысы өте аз. Оның үстіне, шенеунік­тер ресми тіркелген ақпарат құрал­дарынан гөрі блогерлер мен әлеу­мет­тік желінің белсенділерінен қор­қатын жағдайға жеткен. Журна­лист ретінде эмоцияға берілгенім емес, нақты фактілер. Мысалы, Сол­түстік Кореяда мерзімдік басы­лым ретінде газет-журналдың өзі 20 шақты, ал Түрікменстанда 30-дан асады. Ал бізде қазақтілді мен орыс­тілді басылымдарды қосқанның өзінде саусақпен санап алуға бола­ды. Оларда газет қолжетімді, әрбір тұр­ғын сатып ала алады. Бізде, ке­рісінше кез келген әкім басылымға шыққалы тұрған материалды Конс­титуцияның 20-бабын алға тартып, өзінің қалағанын жариялайды. Кейбір шенеуніктер «жаһандық үр­діске» сай болашақ әлеуметтік же­ліде деген желеумен сылтауратады. Бірақ олар қарапайым нәрсені ша­тастырады. Дамыған елдерде әлеу­меттік желіден ақпарат алу – әдеп­сіздік. Онда өзін құрметтейтіндер ақ­паратты газет немесе ресми тір­кел­ген интернет басылымнан оқығанды жөн көреді. Таралымы да өсіп жатыр. Ол жақта мэрлердің газет дүңгіршектерін жауып, та­ралуын тоқтату ойына да кіріп шықпайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл жайында өз бағасын берген. «Өкініштісі, біз бір жарым бет мәтінді, онда да суретпен ғана оқи алатын ұрпақ тәрбиелеппіз», – деді ол. Міне, осы мәселені әзірге тек Президент көтергені қынжыл­тады. Әйтпесе, Парламенттің қос палата­сында өздерінің қайдан кел­генін, бұрынғы әріптестерінің қан­дай қиындық көргенін ұмытқан экс-журналистер өте көп. Соның ішінде айтуға тұрарлық сенатор – Нұртөре Жүсіп. Досым болғандық­тан емес, журналистердің күйін күйт­теп, әлеуметтік мәселелерін, жа­лақының аздығын көтеріп жүрген жалғыз жан. Біздің мамандық өкілде­рінің түйт­кілді мәселелерін үнемі жадында ұстайтын жалғыз адам – осы кісі. – Сонда сіздің ойыңызша, қазақ­тілді БАҚ-тың орны қандай? – Меніңше, 30 жыл өтті, бәріміз бір қазанда қайнап кеттік. Сон­дықтан қазақтілді немесе орыстілді деп бөліп-жару дұрыс емес. Біз бір-бірімізге бәсекелес емеспіз. Біз – одақтас, мүдделес жандармыз. Мә­се­лелеріміз де ортақ, талқылауы­мыз – бір. Керісінше, біз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын ке­зіміз. Ресми БАҚ-тың орнын бас­қалы тұрған шетелдік ресурстармен күресуіміз керек. Өз басым қазақ тіліндегі бұқаралық ақпарат құрал­дарын дамытуды еліміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі деп санаймын. Сондықтан әрбір жетіс­тікке қуанамын. Бірақ, өкінішке қа­рай соңғы жылдары тапқаны­мыз­дан жоғалтқанымыз көп. Бұл қа­зақтілді БАҚ-қа ғана қатысты емес. Мысалы, көп газет жабылып, ин­тернет басылымға айналып, жо­йы­лып жатыр. Міне, осыған жол бер­­­меуі­міз керек. Әйтпесе, газет-жур­­на­лы жоқ елге айналуымыз мүмкін. – Қарапайым халық көбіне БАҚ-ты құқық қорғау органдарынан да күшті қару деп есептейді. Әділдік із­дейді. Осыған келісесіз бе? Кей жағ­дайда кейбір БАҚ «артық қыламын деп тыртық қылып» жатпай ма? – Соңғы жарты жылдың ішінде Қарулы Күштер құрылымдарының тарапынан қанша қиянатты ісін, жасалған қылмысын аштық. Өзге­лер секілді бұл істі біз қаңтар оқи­ғасынан емес, бұрыннан бастадық. 23 жылдық журналистік тәжіри­бемде, осындай зерттеулермен белсенді айналыстым. Әділдік іздеп келген біраз адам үміті ақталды. Мысалы, өткен аптаның өзінде 19 жылға бас бостандығынан айырыл­ған азамат ақталып, түрмеден шық­ты. Біз бұл жайында бір емес, бір­не­ше рет жаздық. Газетіміз сот про­цесіне үнемі араласып жүрген­діктен, бір мезетте кемі 5-7 іске дейін көте­реміз. Біздіңше, ол жақсы көрсеткіш. Егер елге көмегің тиме­се, сот ісіне араласпасаң, газеттің қызығы да, қажеті де болмайды. Оның үстіне, соңғы он жылда біз бес істен ұтыл­дық. Соның тек біреуі ғана әділетті өтті. Бұл – көрсеткіштің екінші жағы. – Қазақ тілін қаншалықты жақсы білесіз? Қазақтілді басылымдарды оқи­сыз ба? – Қазақша жақсы түсінемін, оқи да аламын. Әсіресе, өзіме жақын саясат тақырыбындағы мәтіндерді жақсы түсінемін. Шынын айтсам, сөйлеуге қысыламын, бірақ еркін сөйлеймін. Сіздердің де газет­теріңізді оқимын. Бір кездері негізін қалауға атсалысқаным бар. Түсін­беген жерімді достарымнан сұрап аламын. Қазақ тілі бай тіл ғой, бір сөздің өзі бірнеше мағына білдіреді. Ал негізі қазақ газеттеріндегі мате­риал­дарды көбіне Mediametrix қо­сым­шасы қызықты сілтемелерді көр­сетіп отырады, соларды жібер­мей­мін. Қазір орыстілді ақпараттан гөрі қазақтілдісі көбейген. –Әңгімеңізге рақмет!