Осы сәтте Семейде Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Абай облысының барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиналысына қатысты. Бұл туралы БОРТ №1 Телеграм-арнасы мәлімдеді.
"Ол депутаттарға Абай облысының әкімі лауазымына үміткерлер – Ұранхаев Нұрлан Телманұлы мен Смаилов Асхат Сайдахметұлын қарастыру жөніндегі Мемлекет басшысының хатын оқып берді.
Ашық дауыс беру нәтижесінде 25 депутат Асхат Смаиловты қолдады, 89 депутат Нұрлан Ұранхаевқа дауыс берген", - деп жазды ақпарат көзі.