Шавкат Рахмоновтың қарындасы қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді
Шавкат Рахмоновтың қарындасы қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді
658
оқылды
Шавкат Рахмоновтың қарындасы – Сора Рахмонова спорттық карьерасында қатарынан үшінші айқасында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Алматы төрінде өткен Naiza 40 турнирінде Сора түркиялық Илькнур Куртпен октагонда жолдары түйісті. Тартысты жекпе-жек бірінші раундта отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Сора Рахмонова про-ММА бойынша үшінші жеңісіне қол жеткізсе, қарсыласы кәсіпқой мансабындағы дебюттік жекпе-жегінде жеңіліп қалды.