Көптеген өнім қаптамасында құрамындағы тұздың мөлшері көрсетілген. Адам тұзды тағамды көп жесе, ағзасы суды ұстап қала бастайды. Салдарынан ісініп, қан қысымы көтеріледі. Денсаулыққа зиян келтірмей, қанша тұз жеуге болады және оны немен ауыстырған жөн екенін диетолог Олег Ирышкин Sputnik радиосына айтты.
Адам тұзды көп жесе, ағзасы баланс сақтау үшін суды ұстап қала бастайды. Салдарынан қан қысымы жоғарылауы мүмкін. Бұл инфаркт пен инсультке әкеп соғуы ықтимал. Бұған жол бермеу үшін медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог Олег Ирышкин күнделікті тұтынатын тұз мөлшері бес грамнан аспауы керек деп отыр.
"Тұздың нормасы – тәулігіне бес грамм. Жоғары қан қысымы болған кезде күніне бес грамм тұз жеуге болады. Егер қысым 140 және одан жоғары болса, онда тұз күніне үш граммға дейін шектеледі. Барлық тағамдағы тұзды есептеу керек", – деді Ирышкин.
Көптеген өнім қаптамасында құрамындағы тұздың мөлшері көрсетілген, егер мұндай ақпарат болмаса, шамамен санауға болады.
"Тұзды шектеуге немесе ауыстыруға болады. Кез келген шөп немесе дәмдеуішке алмастырған жөн. Натрий мөлшері аз тұзын сатып алуға болады. Тұзда, ең алдымен біз натрийден қорқамыз, өйткені ол қысымды арттырады. Мысалы, дүкенде калий мен магний тұзын оңай таба аласыз", – деп түсіндірді диетолог.