ҚазМұнайГаз-дың жаңа инвестициялық қоры туралы жалған ақпарат тарады

ҚазМұнайГаз-дың жаңа инвестициялық қоры туралы жалған ақпарат тарады 1

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жанынан құрылған жаңа инвестициялық қорға ақша салғандар айына 3 000 долларға дейін пассивті пайда табады. Бұл – жалған жарнама. Бұл туралы stopfake.kz Telegram каналы хабарлады.

«Қазнетте Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «ҚазМұнайГаз» компаниясы жанынан құрылған жаңа инвестициялық қордың жарнамасы белсенді түрде тарап жатыр. Шын мәнінде, «ҚазМұнайГаз» компаниясының да, ҚР Президентінің де бұл «қорға» ешқандай қатысы жоқ. Бұған компанияның ресми сайтына кіріп, көз жеткізуге болады. Қазақстандықтарға іс жүзінде жоқ қорларға «инвестиция салу» бұған дейін де бірнеше рет ұсынылған. Желіде осыған ұқсас жарнама HalykBank атынан таратылған болатын»,  – дейді ақпаратты тексерушілер.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.