«АMANAT» партиясы ауыл әкімдерін оқытуды бастады

«АMANAT» партиясы ауыл әкімдерін оқытуды бастады 1

«AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясы ауыл, ауылдық округ әкімдерін және партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшыларын оқыту семинарын бастады.

13-22 маусым аралығында Ақмола, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан 570 адам халықтың экономикалық белсенділігін арттыру саласындағы білімін жетілдіру курстарынан өтеді.

«Бағдарлама барысында қатысушылар маркетингтік талдау жүргізуді және ауыл экономикасын дамытудың перспективалық бағыттарын анықтауды үйренеді. Бұл бағдарлама басымдықтарының бірі – ауыл шаруашылығы мен туризм саласындағы жұмыспен қамтуды арттыру», – деп атап өтті академия директоры Данияр Мұқитанов.

«АMANAT» партиясы ауыл әкімдерін оқытуды бастады

Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқу кезінде мал азығын жинау, ет-сүт шаруашылығын дамыту, ірімшік жасау және т.б. сол сияқты кейстерді тәжірибе жүзінде дамытуға баса назар аударылады.

 

«Ауыл халқымен тығыз байланыста жұмыс істейтін біз үшін партия ұйымдастырып отырған семинардың пайдасы көп болатынына сенеміз. Бүгінде ауылдық жерлерде заманауи маркетингтік және қаржылық модельдеу құралдарын қолдану қажет», – дейді Ақмола облысы Селеті ауылының әкімі Бекболат Мақшар.

 

Жалпы, жыл соңына дейін «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы еліміз бойынша, 500-ден астам ауыл әкімі мен аумақтық филиалдардың атқарушы хатшысын оқыту семинарын өткізуді жоспарлап отыр.

 

 

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.