Жаңа құрылған үш аймақ көліктерінің цифрлық коды белгілі болды
Жаңа құрылған үш аймақ көліктерінің цифрлық коды белгілі болды
© inbusiness.kz
14,581
оқылды
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, – деп жазады inbusiness.kz. 8 маусымда Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру туралы қаулы күшіне енді.  Семей – Абай өңірінің орталығы, Талдықорған – Жетісу облысының орталығы, Жезқазған – Ұлытау облысының орталығы болды. Жаңа өңірлер құрылғаннан бері қазақстандықтарды "аймақтар қандай цифрлық кодтар алады?" деген сұрақ мазалап жүр. Әлібек Қуантыров автокөліктерге цифрлық кодтарды беру бойынша соңғы шешімді Ішкі істер министрлігі қабылдайтынын атап өтті.
"Бұл алфавит бойынша 18, 19, 20-сандар болуы мүмкін", – деді министр.
Сонымен, Абай ауданының жүргізушілері – 18, Жетісу өңірі –  19, Ұлытау өңірі  20-санды аймақтың нөмірлерімен жүретін болады. Еске сала кетсек, Қазақстанда көлік нөмірлерінің индекстері келесідей бөлінеді: Нұр-Сұлтан – 01, Алматы – 02, Ақмола облысы – 03, Ақтөбе облысы – 04, Алматы облысы – 05, Атырау облысы – 06, Батыс Қазақстан облысында – 07, Жамбыл облысында – 08, Қарағанды ​​облысында – 09, Қостанай облысында – 10, Қызылорда облысында – 11, Маңғыстау облысы – 12, Түркістан облысында – 13, Павлодар облысында – 14, Солтүстік Қазақстан облысында –  15, Шығыс Қазақстан облысы – 16, Шымкент – 17. Биыл 16 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында жаңа үш облыс құру туралы бастама көтерген болатын.