Шымкентте тегін концертке келгендер мәдениет сарайының есігін бұзып кірген
Шымкентте тегін концертке келгендер мәдениет сарайының есігін бұзып кірген
Фото:tengrinews.kz
622
оқылды
Шымкентте тегін концертке келген жастар есікті бұзып, бірін-бірі таптап кете жаздады. Әлеуметтік желіде тараған видеодан ғимарат алдына жиналған жастардың концертке кіре алмай тұрғанын көруге болады. Қазіргі таңда қаланың полиция қызметкерлері концертті ұйымдастырғандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында ұйымдастырушылар концертті өткізбеу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім көрерменге жарияланып, сағат 20:00-де жиналғандар тарқады», - делінген басқарма хабарламасында.
Жалпы концертті «Meyirimdi asyladam» қайырымдылық қоры ұйымдастырған. Бастапқыда «Наурыз» алаңында жұлдыздар мен блогерлердің қатысуымен тегін қайырымдылық концерт өткізбекші болған олар, шара жергілікті билік және құқық қорғау органдарымен алдын ала келісілмегендіктен рұқсат ала алмаған. Содан «Түркістан» мәдениет сарайының өкілдерімен шарт жасасқан.
«Түркістан» мәдениет сарайына шамамен 2 500 адам жиналды. Алайда, ондағы сыйымдылық 1 300 орынға лайықталған. Осыған байланысты сағат 19:00-де зал толы болды. Осыдан кейін Қаратау ауданының әкімі Р.Мүлкеманов пен Шымкент қаласы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері ұйымдастырушылармен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді», - делінген Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының мәліметінде.