Полицейлерді бопсалаған блогер сотталды
Полицейлерді бопсалаған блогер сотталды
1,449
оқылды
Полицейлерден ақша талап етіп, бопсалаған блогер 3.5 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу мәліметтері бойынша, сотталушы полиция патрульін ұстап алып, өзін блогер ретінде таныстырып, қорқыта бастаған. Үнсіздігі үшін ол 150 мың теңге сұраған. Параны алғаннан кейін ол сол күні ұсталды.
"Қазыбек би аудандық соты ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотталушыларды кінәлі деп таныды. Сот блогерді 3,5 жылға бас бостандығынан айырды. Оның серіктесіне 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", -деп хабарлады Қарағанды облысы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі.