Қызметте жүріп бизнеспен айналысқан
Қызметте жүріп  бизнеспен айналысқан
1,257
оқылды
Ақмола облысында 10 мемлекеттік қызметшінің және оларға теңестірілген тұлғалардың жеке кәсіпкерлікпен айналысқаны анықталды. Жауапты қызметте жүріп, кәсібін дөңгеленткісі келгендердің заңға қайшы әрекеті Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізген мониторинг кезінде белгілі болған. Ең қызығы, тыйым салынған қадамға барғандардың тең жартысы – басшылар. Мәселен, облыстың жергілікті атқарушы органдар қызметкерінің бірі мемлекеттік қызметші бола тұра салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Заңға сай лауазымды тұлғаға 200 айлық есеп­тік көрсеткіш мөлшерінде әкім­ші­лік айыппұл салынды. Сондай-ақ мониторинг кезінде облыстың жергілікті атқарушы органдарының төрт басшысы заңнаманы бұза отырып, тұлғалардан тиісті декларацияны қабылдамай, оларды лауазымға тағайындаған.